ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕГІ ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕГІ ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

Бүгін Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздар күніне арналған мерекелік онкүндік аяқталды. Апта бойы облыстағы Елбасы мектебінде мұғалім мерейі мен мәртебесі, ұстаздың ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз орны көппен ұлықталды. Мектеп директоры онкүндікті қорытындылай келе, шәкірт тәрбиелеуде ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Ал мектебіміздің хореографы Алмагүл Мұқашева ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВТЫҢ алғыс хатына ие болды. Осылайша ұстаздар күні мерекесін жылдағыдан бөлек атап өткен Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы салтанатты шарадан соң спорттық эстафеталарға қатысып көңіл көтерді.