KITAP-FEST: ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Атыраулық оқушылар “Кітап-Фест” жобасы аясында іске асып жатқан “Кітап қаланы аралайды” акциясымен бүгін “Standard Life” сақтандыру компаниясында және облыстағы Ақпараттық талдау орталығында болды. Алдымен “Алатау ” шаңырағының оқушылары сақтандыру компаниясының қызметкерлеріне Стивен Ковидің – «Семь навыков высокоэффективных семей» кітабының мазмұнын айтып берді. Мұнда балалар ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас, жалпы отбасындағы тұрақтылық психологиясы туралы негізгі деректермен бөлісті. Кейін компания қызметкерлері аталған кітапқа қызығушылық білдіріп балаларға сауалдар жолдады. Мұнда оқушылар кітаптағы мәліметтерді өмірдегі түрлі мысалдармен сабақтастырып тыңдаушыларды тәнті қылды. Кездесу соңында “Standard Life” сақтандыру компаниясының қызметкерлері Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына естелік қойын дәптерлер мен күнтізбені сыйға тартты.