KITAP-FEST: СІЗГЕ СЫЙЛЫҚҚА КІТАП

Оқырмандар мәдениетін дамытуға бағытталған “Кітап қаланы аралайды” акциясында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары “Baizaar” ойын-сауық орталығында болды. Сауда кешенінде оқушылар ата-аналармен жүздесіп оларға бала тәрбиесінде кәдеге асатын Гиппенрейтер Юлия Борисовнаның “Общаться с ребенком. Как?” атты кітабын таныстырды. Алдымен оқушылар өздері оқыған шығарманың мазмұнын айтып берген соң үздік пікір білдірген қала тұрғындарына автордың шығармасын естелікке сыйлады.