ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Күннің алғашқы жартысы ашық сабақтар мен дискуссиялық секцияларға арналса, түстен кейін форумға жиналған 200-ден астам мұғалім мерекелік шараға қатысты. Мұнда мектеп меймандарын оқу орын басшысы Айдарбек Төлепұлы ұстаздар күнімен құттықтап жиналғандарға жылы лебіз білдірді. Одан соң ашық сабақтардың қорытындысы негізінде анықталған үздік жұптық командалар тоғыз номинация бойынша марапатқа ие болды. Салтанатты шара Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының мерекелік концертімен жалғасын тапты.