«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ»

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Мемлекет басшысының 5-қазандағы Қазақстан халқына жолдауын Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы талқылады. Зияткерлік мектеп қызметкерлері Елбасының стратегиялық құжатымен танысып, жолдаудағы негізгі басымдықтарға тоқталып өтті. Әсіресе мектеп ұстаздары білім берудің халықаралық стандарттарын енгізу, оқыту, бағалау және зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату бағытында пікірлерін білдірді. Мектептердегі педагог-психологтардың жұмысын жандандыру, [...]

ДЕБАТ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

ДЕБАТ КЛУБЫ АШЫЛДЫ Оқушылардың көпшілік алдында көсіліп сөйлеу және сыни тұрғыда ойлау шеберлігін дамыту мақсатында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде пікірталас клубы ашылды. Клуб жұмысының тұсауын кескен оқушылар алдағы уақытта сан түрлі тақырыптарға дискуссия алаңдарын ұйымдастыратынын жеткізді. Пікірталас сайыстарын өткізіп қана қоймай, дұрыс әрі ұтымды пікір білдіруге үйретуді мақсат тұтқан клуб мүшелеріне табыс тілейміз.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ Зияткерлердің бойында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықты ояту және олардың іздену дағдыларын дамыту мақсатында бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінің студенттерімен кездесу өтті. Шараға ғылыми жобаларымен көзге түсіп жүрген бірқатар жасөрендер қатысты. Олар мектеп қонақтарына өз жұмыстарын таныстырып, жобаны әрі қарай дамыту бағытында ақыл-кеңестер алды. Биология факультетінің 1 және 2 курс студенттері Айдана Төлешова мен [...]

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕГІ ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕГІ ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ Бүгін Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздар күніне арналған мерекелік онкүндік аяқталды. Апта бойы облыстағы Елбасы мектебінде мұғалім мерейі мен мәртебесі, ұстаздың ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз орны көппен ұлықталды. Мектеп директоры онкүндікті қорытындылай келе, шәкірт тәрбиелеуде ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Ал мектебіміздің хореографы Алмагүл Мұқашева ҚР [...]

ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ Күннің алғашқы жартысы ашық сабақтар мен дискуссиялық секцияларға арналса, түстен кейін форумға жиналған 200-ден астам мұғалім мерекелік шараға қатысты. Мұнда мектеп меймандарын оқу орын басшысы Айдарбек Төлепұлы ұстаздар күнімен құттықтап жиналғандарға жылы лебіз білдірді. Одан соң ашық сабақтардың қорытындысы негізінде анықталған үздік жұптық командалар тоғыз номинация бойынша марапатқа ие болды. Салтанатты шара Назарбаев [...]

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ Облыстағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және күнделікті тәжірибеге қолдау көрсету мақсатында бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» және Атырау облыстық білім беру басқармасымен «Жаңартылған білімге – жаңашыл ұстаз» атты педагог кадрлардың облыстық форумы ұйымдастырылды. Мақсат: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату арқылы облыстық білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, [...]

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ ДАРА ЖОЛЫ Ұстаз - ұлттың айнасы. Дәуірлер өтсе де алтын ұяның жүрегіне айналған мұғалім мәртебесі қашан да өзекті. Ұстазға үлкен де кіші де бас иеді, өйткені оның алдынан өтпейтін пенде жоқ. Адамзаттың өмірінде ойып тұрып орын тапқан бұл мамандыққа құрмет әркез жоғары. Осыған орай Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазан айының [...]

АТЫРАУДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ БЕС ЖЫЛ + ФОТОРЕПОРТАЖ

АТЫРАУДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ БЕС ЖЫЛ + ФОТОРЕПОРТАЖ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен Атырау облысында ашылған химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бес жыл толды. Еліміздің зияткерлік әлеуетін арттырып, мемлекеттің озық елдер қатарына қосылу бағытында жасалған президенттің ең ауқымды жобасы біздің аймақта табысты іске асуда. Бұған дәлел - [...]

МЕРЕКЕЛІК ФЛЕШМОБ

МЕРЕКЕЛІК ФЛЕШМОБ 11 қыркүйек күні Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына бес жыл толды. Атаулы мерекеге орай оқу орнында таң сәріден түрлі шаралар ұйымдастырылып мектеп қауымдастығы мерекелік көңіл күйге бөленді. Бұл күні оқушылар мен ұстаздар бір мезгілде билеп флешмобқа қатысты. Шарада сөз алған мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешев, қатысушыларды мектептің бес жылдығымен құттықтап оқу орнының аймақтағы [...]