Мектеп құндылықтары

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ МЫНА НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰСТАНАДЫ:

ӨЗІҢЕ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ДЕГЕН СЫЙЛАСТЫҚ: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметті ұстана отырып өзге мәдениеттердің тіліне, салт-дәстүрлеріне құрмет білдіреді.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қоршаған ортамен байланыс орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.

ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ: отансүйгіштік қасиетті қамтиды. Жауапкершілігі мол азаматтар адал, сындарлы, белсенді болады. Олар қоғамды дамыту, ұлтты қорғау, қоршаған ортаны сақтау үшін біртұтастық, түрлі пікірлер, сыни идеялар әкеледі. Олар қазақ, орыс және шет тілдерінде еркін сөйлейді.

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау, плагиатқа, ақпараттың бастауына сілтеме берместен көшіруге жол бермеу. Өз еңбегіңмен табысқа жету.

ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Ақыл-ой, дене бітімі мен қарым-қатынас, мінез-құлықты үнемі дамыту. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру. Жаңаны танып білуге қызығушылықты жоймау.

АШЫҚТЫҚ: Зияткерлік мектептің даму жоспары, күтілетін оқу нәтижелері, бағалау рәсімі сынды ақпараттарға қолжетімділікті арттыру. Өзара сабаққа қатысу (сыни достар табу), сұхбат, сауалнама өткізу. Ой-пікірлерді қабылдай білу және өзгелермен санасу.

Жоғарыда келтірілген құндылықтар оқушыларға болашақта өз білімін табысты дамытуға, еңбек нарығында бәсекелесуге және қоғамда өзара әрекет етуге, өзінің мақсаты мен мүддесіне жету үшін білімін пайдалануға ықпал ететін функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған.