Өмір қауіпсіздігі және жоғары деңгейдегі тұрмыстық жайлылығы ескерілген заманауи жатақхана Зияткерлік мектептің ерекшелігі болып табылады. 132 орындық мектеп жатақханасы: жатын блогы, оқу бұрышы, жуынатын санитарлық жүйесі бар 4 оқушыға есептелген бөлмелерден тұрады. Жатақханада көмекші оқытушының бөлмесі, оқу бөлмесі, ата-анамен кездесу бөлмесі орналасқан. Сонымен қатар мұнда дәрігер бөлмесі, медициналық оқшаулау орны, кір жуатын орындар бар. Отбасынан жырақ жүрген баланың көңіл күйі мен оның демалыс күндерін ұтымды ұйымдастыру үшін жатақханада оқушылар кеңесі құрылған.