«Назарбаев» Зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесін тарату

 

         «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін тарату барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірде өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) бірнеше жыл бойы білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибе мен практиканы талдап, енгізу ісімен айналысып келеді, бұл елеулі тәжірибе жинақтауға және осы тәжірибені Қазақстанның білім беру саласына жүйелі түрде тарату үшін мұғалімдердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.

         Бүгінде Зияткерлік мектептер еліміздегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған онлайн сабақтар мен семинарлар, әлемдік білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсілдемелерді зерделеу бойынша халықаралық конференциялар мен семинарлар, орта білімнің жаңартылған мазмұнын пилоттық енгізу жұмыстарын өткізу арқылы тәжірибені тарату бойынша шаралардың кешенін жүзеге асыруда.

 

         Жалпы алғанда, жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде:

 

– педагогтардың біліктілігін арттыру және оқыту;

– озық педагогикалық тәжірибемен алмасу;

– орта білім мазмұнын жаңарту.

 

 

Ж. Мырзағалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебімен жұмыс жасайтын мұғалімдер тобы

Атырау қаласындағы пилоттық № 17 мектеп-лицейімен жұмыс жасайтын мұғалімдер тобы