«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ

Облыстағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және күнделікті тәжірибеге қолдау көрсету мақсатында бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» және Атырау облыстық білім беру басқармасымен «Жаңартылған білімге – жаңашыл ұстаз» атты педагог кадрлардың облыстық форумы ұйымдастырылды. Мақсат: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату арқылы облыстық білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және зерделеу. 
Форумға қатысушы мектеп мұғалімдері үшін кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, өз жұмыс тәжірибесін жинақтау арқылы педагогикалық қызметкерлердің рефлексивті икемдерін дамытуға мүмкіндіктер алды. 
Педагогикалық форум бірнеше кезеңдерде жүзеге асты: алдымен жалпы білім беретін мектеп пен Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері бірлесіп, жұптық негізде (командалық – team teaching әдісі бойынша) ашық сабақтар өткізді. Бұдан кейін оқытушылар өткізген сабақтарын талдау арқылы әлсіз және мықты тұстарына сараптама жүргізді. Форум аясында шеберлік сыныптар, дискуссиялық отырыстар өткізілді. Шара Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының әзірлеген мерекелік концертімен жалғасын тапты.