2020 жылғы маңызды атаулы іс-шаралар аясында мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған семинар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауында 2020 жыл- еріктілер жылы деп бекітті. Мемлекет басшысы 2020 жылдың маңызды мерейтойлары мен елеулі оқиғаларын жариялады: 
• Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы.
• Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.
• «Ұлы Отан соғысы» жеңісінің 75 жылдығы.
• Қазақстан Республикасының Конституциясының 25-жылдығы.
• Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы.
• Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың 80 жылдығы.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбие жұмысының іс-тәжірибесін тарату семинарының бағдарламасы осы 2020 жылдың маңызды іс –шараларымен атаулы мерекелереріне байланысты құрастырылды. 
Өткізілген іс-шаралар:
1. Кураторлық сағаттар мен Шаңырақ сағаттары келесі тақырыптарда өткізілді: Абайдың 175 жылдығына арналған «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті», Еріктілер жылына арналған «Қоғамға қызмет – игілікті іс», Ұлы отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арналған «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі Ұлы Отан соғысының тарихи мұрасы» Әл-фарабидың 1150 жылдығына арналған «Әбу Насыр Әл-Фарабидің ізгілікті қоғам жөніндегі идеялары» тақырыбына арналды.
2. «Бірлескен оқытудың кепілі-тәлімгерлік» тақырыбында практикалық жұмыс жасалды.
3. «Ата-аналармен жұмыс» семинары «Бала тәрбиесінде отбасының рөлі», «Мектептің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі», «Ұл балалардың тәрбиесінде әкенің рөлі», «Қыз балаларды отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері», «Тұлғаның қалыптасуына бүгінгі қоғамның әсері» тақырыптарында өткізілді.
Семинарға қатысушылардың пікірі: 
 тәлімгерлік сабақтар тақырыбы маңызды болды, көрсетілген сабақ материалдарының мазмұнын өз сабағыма пайдаланамын;
 «Ата-аналармен жұмыс» семинарында өте өзекті тақырыптар қозғалды, өзіме қажетті, пайдалы, қызықты ақпараттарды белгілеп алдым және осы тақырыпта өз сыныбымның ата-аналарына семинар өткіземін;
 мектептің жылы шырайлы, мейірімді атмосферасы қатты ұнады, оқушылардың анық және эмоционалды жауаптарын тыңдағанан жақсы әсер алдық.