МЕКТЕПТЕРГЕ 500 КІТАП

Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында Атыраудағы зияткерлік мектепте BOOKCROSSING кітап сыйлау акциясы аяқталды. «ЕЛ ҮМІТІ: ҮЗДІК ПӘН БІЛГІРЛЕРІ» турниріне қатысуға келген шалғайдағы ауыл мектептерінің балалары 500-жуықтайтын түрлі оқулықтар мен әдебиеттерді өз кітапханаларына алып кетті. 
Буккроссинг акциясына Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері жыл басынан бері қатысып келеді. Үздік шығармалар жинақталған кітаптар қоржыны мұнайлы аймақтың алыс-алыс ауылдарына Елбасы мектебінен сәлдеме боп ауылдарға аттанды.