АТЫРАУЛЫҚ ЗИЯТКЕР ШАХМАТТАН ЕКІНШІ ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Марина Нұрғалиева Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі ұйымдастырған дәстүрлі шахмат турнирінде топ жарды. Атыраулық зияткер 17 жасқа дейінгі қатысушылар санатында үздік өнер көрсетіп, 20 оқушының арасында екінші орынға табан тіреді. Марина бұған дейін де желілік, аймақтық және республикалық сайыстарда өнер көрсеткен зияткер. Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткізілген шахмат турнирі қашықтықта өтті және оған еліміздің әр аймағынан жүзге жуық оқушы қатысты.