БҮКІЛӘЛЕМДІК РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жасөнертапқыштар мен робот құрастырудан сынға түсушілер арасында Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі аяқталды. Сайысқа қатысуға өңірдің бірнеше аудандарынан және облыс орталығынан 100-ден астам жасөрендер жиналды. Күні бойы олар бірнеше кезеңдерде құлтемірлерді сынап өзара мықтыларды анықтаудан сынға түсті.