ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КӨЛЕҢКЕ ТЕАТРЫН ТАМАШАЛАДЫ

“Ұрпақтар сабақтастығы” жобасының қатысушылары Көлеңке театрының көрермендері болды. Жобадағы қонақтар үшін арнайы театр репертуарындағы үздік туындылар ұсынылды. Театрдың жетекшісі Арман Нығыманов қарияларға қойылымдардың қалай жасалатынын айтып берді. Ал кей қатысушылар өздерін театр актеры ретінде сезіп көруі үшін көлеңкеден көріністер көрсетті.