ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ

Мектебімізде Еріктілер жылын қолдауға бағытталған көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр. Солардың бірі жуырда өткен мектеп оқушыларының қайырымдылық жәрмеңкесі. Оқу орынның “Ықылас” және “Ұстаз” волонтерлар клубы бірлесіп өткізген іс-шараға мектептегі ЮНЕСКО клубы да атсалысты. Ауқымды жәрмеңкеде балалар қолдан жасалған кәде-сыйлықтар мен түрлі бұйымдарды, тәттілер мен оқу құралдарды сатып қомақты қаржы жинады. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат келесі аптада, мектебімізде салтанатты түрде өтетін Еріктілер жылының ашылу рәсімінде “Атырау. Маленькая страна” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиевке табысталатын болады.