ТҮЛЕКТЕР БІЛІМ ОРДАСЫМЕН ҚОШТАСТЫ

Аяулы алтын ұяда алты жыл білім алған Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары білім ордасымен қоштасты. Мектеп бітірушілер кешіне арналған салтанатты жиынға түлектер, ата-аналар және білім бірген ұстаздар қауымы жиналды. Дарынды жастарды мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешев құттықтап, шәкірттерге үлкен өмірде ақ жол тіледі. Биыл өз тарихында төртінші рет түлектерді сапарға аттандырып отырған Назарбаев Зияткерлік мектебінде [...]

САРБАЗДАР КЛУБЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының бесінші оқу тоқсаны, екі аптаға созылған Жазғы мектеп курсы аяқталды. Оқушылардың алған білімін толықтыруға және тексеруге арналған қосымша білім беру бағдарламасында гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден дәрістер өтті. Жазғы мектептің салтанатты жабылу рәсімінде мектептің әскери-патриоттық клубы жаңа мүшелерін таныстырды.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘЖІРИБЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Атырау қаласындағы Назарбаев Зиятикерлік мектебінде 27 мамыр күні ұйымдастырылған "Баланы жұмысқа жетеле" әлеуметтік акциясының қорытындысы тыңдалды. Оқу орынның 7-8 сынып оқушылары қатысқан шарада балалар өз ата-аналарының жұмысында бір күнді қалай өткізгенін баяндап берді. TED'x форматында өткен ашық алаңда оқушылар түрлі өндірісте жинаған деректерді фото және бейнематериал нұсқасында дайындады. Олар әлеуметтік акция барысында алған тәжірибелерін [...]

ПУШКИН БАЛЫ

Мұнайлы өңірдің Назарбаев Зияткерлік мектебінде орыстің белгілі әдеби классигі Александар Сергеевич Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына арналған поэзия кеші өтті. Пушкин балында жазушының шығармалары, өмір жолы мен мұралары насихатталды. Жазғы мектеп аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты оқушылар бойында әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, әлем оқырмандарына ортақ Пушкин еңбектерін таныстыру болып табылады.

МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін Атыраудағы білім беру мекемелерінің мерекелік шеруі өтті. 7000 мыңнан астам бала қатысқан дәстүрлі шеруде Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да өнер көрсетті. Шараға қатысушыларды облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы құттықтады. Елбасы мектебінде білім алып жатқан оқушылар домбыра, барабан сынды музыкалық аспаптармен сапта жүрді. Шеруде сондай-ақ мектептің черлидерлер жасағы, [...]

ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2018-2019 оқу жылы қорытындыланды. Педагогикалық мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелер қаралмас бұрын мектеп басшысы 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алуға шақырды. Айдарбек Төлепұлы қазақ халқының біртуар ұлдарын атап өтті. Ол әсіресе 30-шы жылдары аштықтан құрбан болған қазақ жұртын ұмытпауға шақырды. Педагогикалық мәжілістің ресми бөлімінде NIS-Program аясында оқушылардың [...]

БЕСІНШІ ОҚУ ТОҚСАНЫ БАСТАЛДЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушүылары үшін қызыққа әрі көңілді сәттерге толы бесінші оқу тоқсаны, яғни Жазғы мектеп басталды. Мұнда балалар оқу жылында алған білімдерін қайталап, толықтыратын болады. Олар үшін лабараториялық сынақтар, кездесулер мен бірқатар ашық сабақтар ұйымдастырылады. 28 мамырда басталған Жазғы мектепке барлығы 428 оқушы қатысуда. Жоба 7 маусымда қорытындыланады. Ал 10-21 маусым күндері аралығында облыстағы [...]

КАНИКУЛЯРЛЫҚ МЕКТЕП ТӘМАМДАЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстың 5 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған Виртуалдық және Каникулярлық мектеп жобалары өз мәресіне жетті. Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуге дайындайтын қосымша курстарға биыл 70 бала қатысты. Олар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімін толықтырып 4 күн бойы өздерін Назарбаев мектебінің оқушылары ретінде сезініп көрді. Курсты аяқтаған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТЫ

Бүгін Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары үшін алтын ұяның соңғы қоңырауы сыңғырлады. Осыдан 6 жыл бұрын тардай болып кірген кешегі оқушылар бүгін міне, білімі мен ой-өрісі тасыған таудай жастарға айналды. Олар Елбасы атындағы оқу орынға ерекше алғыс, ықыласпен ризашылық білдірді. 12 жылдық білім беру жүйесін сәтті тәмамдаған оқушыларды мектеп қауымдастығы, ата-аналар және [...]