ІІ-ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылының ІІ-тоқсанына арналған дәстүрлі жиынға ата-аналар үлкен қызығушылық білдірген. Жәрмеңке форматында ұйымдастырылған жиналыста әрбір ата-ана баласының оқу үлгерімі туралы пән мұғалімдерімен жекелей тілдесуге және ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Республикалық ғылыми-зерттеу конкурсының Бас жүлдесі Атырауда

Атыраудағы Зияткерлік мектептің 7-сынып оқушылары Азиза Абатова мен Дильназ Мүбарак оқушылардың республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауында Бас жүлдеге ие болды.   «Апельсин қабығынан тыңайтқыш» атты ғылыми-зерттеу жобасы жүздеген жұмыстардың арасында үздік деп танылды.   Экологиялық ахуалды оңалтуға ұсынылған зерттеу жобалары ғылым саласында сұранысқа ие. Атыраулық оқушылар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тақырыбын көтерген. [...]

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ

Мектебімізде Еріктілер жылын қолдауға бағытталған көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр. Солардың бірі жуырда өткен мектеп оқушыларының қайырымдылық жәрмеңкесі. Оқу орынның "Ықылас" және "Ұстаз" волонтерлар клубы бірлесіп өткізген іс-шараға мектептегі ЮНЕСКО клубы да атсалысты. Ауқымды жәрмеңкеде балалар қолдан жасалған кәде-сыйлықтар мен түрлі бұйымдарды, тәттілер мен оқу құралдарды сатып қомақты қаржы жинады. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат келесі аптада, [...]

МҰҒАЛІМДЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Бүгін Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аймақтағы жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері үшін біліктілікті арттыруға арналған курс өткізілді. Тәжірибе тарату аясындағы шарада химия және биология пәндері бойынша оқытудың амалдары қарастырылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері педагогтарға CLIL әдісімен жұмыс істеу, бағалау және жоғары сыныптарда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудан шеберлік сағатын өткізді.

ҚҰРАЛАЙ АХМАДИЕВА АТЫРАУДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымындағы Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова Атырау қаласындағы Зияткерлік мектептің ұжымына жаңа басшыны – Құралай Тілеубердіқызы Ахмадиеваны таныстырды.  Құралай Ахмадиева Шығыс Қазақстан облысының Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетін үздік бітірген. Білім беру саласында 17 жылдан астам тәжірибесі бар. Тарих ғылымдарының магистрі, мұғалім – эксперт.  Атыраудағы Зияткерлік мектепке дейін [...]

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КӨЛЕҢКЕ ТЕАТРЫН ТАМАШАЛАДЫ

"Ұрпақтар сабақтастығы" жобасының қатысушылары Көлеңке театрының көрермендері болды. Жобадағы қонақтар үшін арнайы театр репертуарындағы үздік туындылар ұсынылды. Театрдың жетекшісі Арман Нығыманов қарияларға қойылымдардың қалай жасалатынын айтып берді. Ал кей қатысушылар өздерін театр актеры ретінде сезіп көруі үшін көлеңкеден көріністер көрсетті.

АТЫРАУДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ АЯҚТАЛАДЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 жаңа оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында облыстағы мектептердің 6-сынып оқушыларын 7-сыныпқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялады. Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайда жүргізіледі: Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданы, 11 көше 22 ғимарат, 106 аудитория. [...]

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ІІ ТОҚСАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының ІІ тоқсаны қорытындыланды. Дәстүр бойынша Педагогикалық Кеңес алдында өткен тоқсанның қорытындысымен түрлі сайыста жеңімпаз атанған оқушылар және олардың жетекшілері марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге алыс-жақын аймақтардан жеткен алғыс хат, арнаулы сертификаттар мен кәсіби дамуды дәлелдейтін құжаттар табысталды. №3 Педагогикалық Кеңесте мұғалімдердің зерттеушілік мәдениеті мен рефлексивті тәжірибесін дамыту, NIS-programme бағдарламасын жүзеге [...]

ҮЗДІКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қаңтар айының басында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткен республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері ұлықталды. Өңірдегі зияткерлік мектептен аттанған 27 оқушының 6-ы жаратылыстану-математика және гуманитарлық ғылымдарды игеруде үздіктер қатарынан көрінді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбөкешев оқушыларды табысымен құттықтап жаңа белестерді бағындыруға тілек білдірді. Республикалық олимпиаданың желілік кезеңінде үздік көрінген оқушылардың [...]

КАНИКУЛЯРЛЫҚ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Виртуалдық және Каникулярлық мектеп жобаларынан сәтті өткен бір топ оқушыларға арнаулы сертификаттар табысталды. Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушыларды қолдау мақсатында өткен жобаға биыл 150-ден астам үміткер тіркелді. Олардың арасында белгіленген тапсырманы сәтті орындап Каникулярлық мектепке жолдама алғандардың жалпы саны 60-тан асады. Өңірдегі білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушылары математика, қазақ, орыс [...]