ҮЗДІКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қаңтар айының басында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткен республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері ұлықталды. Өңірдегі зияткерлік мектептен аттанған 27 оқушының 6-ы жаратылыстану-математика және гуманитарлық ғылымдарды игеруде үздіктер қатарынан көрінді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбөкешев оқушыларды табысымен құттықтап жаңа белестерді бағындыруға тілек білдірді.

Республикалық олимпиаданың желілік кезеңінде үздік көрінген оқушылардың тізімі: 
1. Бек Көңілқош, Қазақстан тарихынан ІІ-орын (жетекшісі Айтолқын Төлешова)
2. Әлихан Өтегенов, Қазақстан тарихынан ІІІ-орын (жетекшісі Еркебұлан Тумин)
3. Әлішер Қоспанов, географиядан ІІ-орын (жетекшісі Жанна Агашина)
4. Мөлдір Базарбаева, қазақ тілінен ІІІ-орын (жетекшісі Мерей Шәмшенова)
5. Арман Мүсірепов, химиядан ІІІ-орын (жетекшісі Гауһар Жанболатова)
6. Алмагүл Олжағалиева, орыс тілінен ІІІ-орын (жетекшісі Күләш Аблаева)