РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОТО-КОНКУРСТА ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Асылан Абдолов Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған республикалық фотоконкурста ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Көктемгі аспан, терезедегі көрініс 2020. Үйден шықпай кереметті көру» атты жас фото-тілшілердің байқауында Асыланның суреті үздік үштікке енді. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған фото-байқауда Асылан Абдолов 12-15 жас аралығындағы қатысушылар арасында табысқа жетті.

 

Асылан Абдолов Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас тілшілер клубының қатысушысы. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «Әскер-медиа – 2019» фестивалінің номинанты. Әскери журналистика тақырыбында қалам тербетіп жүрген журналистердің премиясында  атыраулық оқушы «Жас сарбаздар» патриоттық клубын таныстыру арқылы марапатқа ие болды.