NIS ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аружан Амангелді мен Диана Дүйсүмова Алматы қаласында өткен «Өнер планетасы» атты Халықаралық бейнелеу және сурет көрмесі байқауында үздіктер қатарынан көрінді. ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген қашықтықтағы өнер байқауында мұнайлы шаһардағы зияткерлік мектептептің жоғары сынып оқушылары І дәрежелі дипломға ие болды. ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі Болат Ақшұлақов атыраулық оқушыларды онлайн форматында марапаттап өнер мен шығармашылықты насихаттауда қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.