ІҢКӘРҒА ДЕГЕН ІЗГІЛІКПЕН

Атыраулық оқушылар туғанынан сал ауруына ұшыраған 9 жастағы Мардан-Іңкәр Ержанқызына көмек қолын созды. Мектептің “А” сыныбының оқушылары кураторы Бақытгүл Әділбекқызызмен бірге көмекке мұқтаж баланың шаңырағында болды. Олар Мардан-Іңкәр Ержанқызының анасымен тілдесіп баланың қазіргі жай-күйімен танысты. Сал ауруына ұшыраған қыздың денсаулығын оңалту үшін қомақты қаражат керек, сондықтан ана жүрегі мейірімді жомарт жандарды іздейді. Өйткені қыз баланың аяққа тұрып қатарымен тең болуы үшін ата-ананың жағдайы тартпайды. Зияткерлік мектеп оқушылары бір жолғы материалды көмек көрсете отырып, Іңкәрдің денсаулығын оңалтуда тағы да өз үлестерін қосатынын айтты.