ИЛЬЯС МЕКТЕП ТАРИХЫНДАҒЫ VI ПРЕЗИДЕНТ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының алтыншы президенті анықталды. Мектеп қауымдастығының дауыс беруі нәтижесінде 10 сыныптың оқушысы Ильяс Самиғоллаұлы парламенттің кезекті көшбасшысы болып белгіленді. Ильяс мектепшілік және қалалық деңгейдегі ғылыми-зерттеу және спорттық сайыстардың жеңімпазы. Салтанатты ұлықтау рәсімінде жаңа президент мектеп қауымдастығының мүддесі үшін белсенді жұмыс атқарып, оқушылар мен ұстаздар арасындағы байланысты арттыруға ант берді. Ал бұған дейін парламентке жетекшілік еткен Бек Көңілқош Ильясқа сәттілік тілеп алтын ұяның өркендеуіне еңбек етуге шақырды. Салтанатты шарада мектеп директоры ҚҰралай Ахмадиева желілік және республикалық олимпиадаларда топ жарған бірқатар балаларға арнаулы дипломдар мен сертификаттарды табыстады.