«ЖАС ЗИЯТКЕР – ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ»

«Жас зияткер – жасампаздық бастауы» тақырыбында Назарбаев Зияткерлік мектебінде TED’x мәжілісі өтті. Мәжілісте мектептің жоғарғы сынып оқушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, ортаңғы буын окушылары үшін бірқатар мәселелер төңірегінде ой қозғады. Шараның басты мақсаты – қазақ жастарының ерекшеліктерін көрсете отырып, жаһан азаматы болуға тәрбиелеу. “Қазақтың жастары Отандық тарих сахнасында әрдайым ерекше қасиеттерімен көзге түскен. Қазіргі өзгермелі заманның өзінде біз қанымызға сіңген негізгі қасиеттерді сақтай білген ұрпақпыз”,-деді мектеп президенті шараның ашылу салтанатында. Сондай-ақ бұл күні оқушылар ұйымы Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай “Халықтар достығы” атты фестиваль ұйымдастырды. Фестиваль аясында мектептегі халықаралық мұғалімдер өз еліндегі мәдениетпен таныстырып, төл дастарқанынан дәм татқызды.