ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЗЕРТТЕУ: ФИЗИКА ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН КІРІКТІРУ

Радиоактивті сәулелер туралы не білеміз? Біздің қоршаған ортада көзге көрінбейтін және естілмейтін, бірақ әр минуттар мен секундтар сайын өзінің сәулесін таратып жатқан қаншама радиоактивті құралдар бар. Міне, аталған тақырып Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Іс-әрекеттегі зерттеу қызметі: дифференциацияланған оқытудың жүзеге асырылуын зерттеу» тақырыбында өтіп жатқан онкүндік аясында биология мен физика пәні кіріктірілген ашық сабақта қарастырылды. Пән мұғалімдері Айнұр Амангелдіқызы мен Жұмагүл Құрманалина дифференцияны тереңдету негізінде проблемаға бағытталған оқыту моделін ұсынды. Ашық сабақты бақылаған басқа пән мұғалімдері әріптестерінің өткізген сабағын жоғары бағалап кері байланыс орнатты. Осылайша физикалық құбылыстардың адам денсаулығына тигізетін әсерін биология пәнінде қарастыру арқылы екі пәнді байланыстыра отырып, дифференциациялық оқытуда оқушылар жан-жақты мағлұмат алды.