«ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ: ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЗЕРТТЕУ»

Ғылым мен білім, ақпарат және техниканың қарыштап дамыған дәуірінде мұғалімнің үздіксіз дамуы заңдылық. Осыған орай өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби даму шеберлігін арттыру мақсатында «ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ: ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЗЕРТТЕУ» тақырыбында мектеп мұғалімдерінің онкүндігі бастау алды. 5-15 сәуір аралығында өтетін онкүндік аясында пән мұғалімдері тәжірибе таратуға негізделген ашық сабақтар, шеберлік дәрістері мен постер сессияларды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби даму шеберлігін арттыру, ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту мақсатындағы онкүндік аймақтағы білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен өтетін ғылыми-практикалық конференциясымен қорытындыланбақ.