ТАРИХИ МАРАПАТТАУ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Әділғалиева Жаңлыш Салыққызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың марапатына ие болды. Жаңлыш Әділғалиеваның білім беру саласындағы ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін мемлекет басшысы алғысын білдірді. Осылайша өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет жергілікті педагог жоғары мәртебелі марапатқа ие болып отыр.