КӘРІС ТІЛІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәріс тілінің фестивалі өтті. Шараға облыстағы “Тхониль” кәріс этно-мәдени бірлестігі қолдау білдірді. Мектепте оқушылар үшін қосымша француз тілімен қатар кәріс тілі де оқытылады. Шығыс елінің тілін меңгеру үшін зияткерлік мектепте Кореядан келген арнайы маман жұмыс істейді. Оқытудың алғашқы нәтижелеріне бағытталған фестивальде балалар қаншалықты шет тілді меңгергенін дәлелдеді. Олар кәріс тілінде өлеңдер оқып, тілді меңгерудегі қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы айтып берді. Фестивальде оқушылар үшін кәрістің ұлттық тағамдары, әдебиет пен өнер, K-Pop мәдениетінен шығармашылық жұмыстар ұсынылды. “Бүгінгі таңда жастар арасында қызығушылық артып келе жатқан кәріс тілі болашақта ғылым мен білімнің тіліне айналады”, -дейді шара қатысушылары.