АҚЫЛЫ ОҚУҒА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ӨТЕДІ

Құрметті атыраулық ата-ана!

Назарбаев Зияткерлік Мектебі 8, 9 және 11 сынып оқушыларын қазақ, орыс сыныптарында ақылы негізде білім алу үшін үміткерлер арасында конкурстық іріктеу өткізеді. Құжаттарды қабылдау қазан айының соңына дейін жалғасады. Емтихан күні қосымша хабарланады. Конкурстық іріктеуге Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ үміткерлер де қатыса алады. Толық ақпарат: + 7 (7122) 558-551. www.atr.nis.edu.kz