ШЫРҚАЛСЫН, ШӘМШІ ӘНДЕРІ

«Әнім сен едің». Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі Шәмші Қалдяқовтың шығармашылығын насихаттауға арналған бал кеші өтті. Талай жылдар өтсе де ескермеген әуезді әндерге сұраныс көп. Халық әндеріне айналған Шәмші шығармалары тойларда да, үлкен-кіші жиындарда да, жас пен кәрінің көңілін баурайтыны шындық. Өйткені әйгілі композитордың туындыларында көңілге мұң мен қуаныш, жастық шақ пен өмір тебірінестері еріксіз жүрекке ұялайды.

Биылғы күзгі балға оқу орынның 12-сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар мен өнер ұжымдары қатысты. Биыл алтыншы рет әйгілі сазгердің атындағы бал кешінде жүректі кернеп, көңілді толқытатын тамаша туындылар тағыда шырқалды. Шәмшінің белгілі әндеріне мың бұралған жастар кештің көркін қыздырды. Қазақ вальсінің королі атанған сазгер кешінде сүйікті әндер жанды дауыста орындалып, күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы анықталды. 12А сыныбының оқушылары Абзал Бисембаев пен Ақтоты Төкеновалар Шәмші балының ханзадасы мен ханшайымы атанып салтанатты түрде тәжі иегерлері атанды.