2013 жыл
11 қыркүйек күні Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік салтанатты түрде ашылды.

 
2014 жыл
6 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев мұнайлы өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді.

 
2015 жыл
«Поэзия падишасы» Фариза Оңғарсынованың құрметіне мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетіне ақынның есімі берілді.

 
2016 жыл
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мәңгілік ел зияткерлері» атты жалпы білім беретін мектеп оқушыларының І-облыстық форумы өтті.

 
2017 жыл
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өткендігі жөнінде ресми мәлімдеме алды.

 
2018 жыл
Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында кіші жобалық кеңсе құрылды.

 
2019 жыл
Алғаш рет оқу орынды толық 12 жылдық білім беру жүйесімен аяқтаған 68 мектеп түлегіне халықаралық үлгідегі сертификат пен аттестаттар табысталды.

 
2020 жыл 
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Ахмадиева Құралай Тлеубердіқызы тағайындалды. Бұған дейін мектепті 5 жыл басқарған Айтпукешев Айдарбек Төлепұлы Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS директоры болып тағайындалды.


 
2021 жыл
Атырау қаласындағы NIS-те «Шелл» мұнай-газ компаниясы орнатқан күн станциясы пайдалануға берілді. Бұл NIS пен Шелл арасындағы «Күн энергиясы – мектептерге» бірлескен жобасының төртінші фотоэлектрлік жүйесі. 
2022 жыл Ерали Бижанов Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып тағайындалды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова табысты жұмысы үшін бірнеше жыл бойы Атыраудағы NIS-ті басқарған Құралай Ахмадиеваға алғысын білдірді.