Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Абылай Амангелдіұлы Германияның Бремен қаласындағы «Jacobs Bremen University (Constructor University)» жоғары оқу орнының Computer Science факультетінде тегін білім алуға грант иеленді.

– Бұл мен үшін өте үлкен мүмкіндік. Жалпы, Германияның өзі Европаның нағыз білімге бай, дарынды адамдар шоғырланған мемлекеті. Өзім де бала кезден осы елде білім алуды мақсат екен едім. Технологиялық тұрғыда озық, IT саласы қарқынды дамыған мемлекет болған соң, осы елдің жоғары оқу орнына түсуді армандадым. Осындай мүмкіндік үшін NIS жүйесіне, маған білім берген ұстаздарға алғысым шексіз, – дейді болашақ IT маманы.

Еске сала кетейік, Абылай Атыраудағы NIS атынан пәндік олимпиадаларға, «Республикалық қашықтық олимпиадалар орталығы», «Еуразияның дарынды профессорлары мен шәкірттері академиясы», ұлттық WRO, IMUN, халықаралық Infomatrix, білім бәйгелерінде бақ сынап, жүлделі орындар иеленген еді. Енді ол тек осы нәтижемен тоқтап қалмай, өз мүмкіншіліктерін құр жібермей, басқа да университеттерге тапсырып, бақ сынап көруге ниетті.