Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-нің 12 сынып оқушысы Адия Қобланды Жапонияның Токио қаласындағы Tokyo International University-дің "Digital Business and Innovation" факультетінде 100 пайыздық білім гранты негізінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды!
 
Биылғы түлектеріміздің де жыл сайынғы дәстүр ізін жалғап, түрлі шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік иеленгендігі көңіл қуантады. Мектеп мерейін асқақ еткен шәкірттерімізге сәттілік серік болуын тілейміз!