Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Аружан Елдосова «Business Management» мамандығы бойынша SUNY Korea және University of Utah Asia Campus университеттерінің грантын ұтып алды. Аталмыш америкалық университеттер Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласының «Incheon Global Campus» құрамына кіреді. Бұл университеттерде оқудың алғашқы үш жылы Оңтүстік Кореяда, төртінші жылы Америкада өтеді.

- Соңғы бірнеше жылда Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орнында білім алу менің мақсатым болды. Әсіресе, корей тілін қосымша тіл ретінде мектептің оқу бағдарламасына енгізгені мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Мектеп ұжымына және ұстаздарыма үлкен алғысымды айтамын, - дейді Аружан.