Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-нің 11 сынып оқушылары Абылай Амангелдіұлы, Ризабек Утегенов және Сағынғали Айбар INFOMATRIX-ASIA халықаралық байқауынан жүлделі 2 орын алды!

INFOMATRIX - бұл әлемдегі ең жақсы IT студенттерін біріктіру ниетінен туындаған халықаралық компьютерлік жобалар байқауы. Байқау тек кәсіби шеберлікті дамытуға ғана емес, сонымен қатар, түрлі елдердің студенттері мен оқытушыларын тарту арқылы мәдениетаралық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Ал, біздің жеңімпаздар байқаудың «Volunteer Me» бағыты бойынша биіктен көрінді.

Аталмыш байқауды Сүлейман Демирель университеті (SDU) 2013 жылдан бері Қаскелең және Алматы қаласында ұйымдастырып келеді. Сайыс халықаралық және ауқымды байқау ретінде студенттерге әлемнің және Қазақстанның үздік университеттеріне түсу кезінде жоғары преференциялар алу сияқты көптеген мүмкіндіктер береді.

Енді, міне, атыраулық оқушылар да аталмыш байқаудың биігінен көрінді. Біз мектеп ұжымы атынан білімді, зейінді шәкірттерімізді құттықтай отырып, әлі де талай биік белестерді бағындыруларын тілек етеміз!