15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай Атыраудағы NIS жанындағы жатақханада «Алыста қалған жаңғырық» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
 
Шараға батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз: Ғалиасқар Ахпаев, Муратбек Кенжеахметов, Серік Саркулов келді. Тәлімі мен тәрбиесі мол кездесуге ұласқан шарада ардагерлер отты жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, өскелең жас ұрпақты бейбіт заманның қадірін ұғынуға, ел келешегі үшін терең білім алуға үндеді.
 
Оқушылар ардагерлерге сый-құрмет көрсетіп, өз өнерлерін паш етіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ауған соғысы туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, Атырау мұнай және газ университетінің доценті Айгүл Ермекованың «Алыста қалған Ауғанстан» атты кітабымен танысты.