Атыраудағы NIS баскетболшылары Атырау обылсы Білім беру басқармасына қарасты Атырау аймақтық дене трбиесі және спортты дамыту орталығы ұйымдастырған Ұлттық мектеп лигасына қатысып, 9-11 сынып ұлдары арасында жүлделі 2 орынды еншіледі!

Балалар жылы аясында өткізілген аталмыш жарысқа Атырау облысына қарасты аудан спортшылары, сондай-ақ Атырау қаласының спортшылары қатысып, өзара бақ сынасқан болатын. Нәтижесі көңіл қуантып, мектеп спортшылары үздік үштіктің бел ортасынан табылды.