Ел қазынасы саналатын қариялар күніне орай «Самұрық» шаңырағы «Әжелер мектебі» клубының мүшелерін мерекелерімен құттықтап, әдемі рухани кеш тарту етті.

Шара барысында түрлі әсерлі әңгімелер айтылып, келелі кеңестер берілді. Оқушылар өн бойындағы өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар, әжелеріміз жылдық жоспарларын талқылап, мектеп жанындағы шараларға жауапты әжелерді нақтылап алды.
Кеш соңында Нәсіп әжеміз алқалы халыққа ақ батасын беріп, әкелген бауырсағы мен шашуынан дәм татқызды.