Атырау қаласындағы ХББ НЗМ оқушылары "Туған елге тағзым" жобасы аясындағы сапарын кеше Тұздыкөлде жалғады. Оқушылар үшін бұл жердің маңызы бөлек.
Енді, Тұздыкөл туралы сөз козғай өтсек. Бұл - Атырау облысына қарасты Индер ауданының тылсым табиғатқа бай мекені.
Аталмыш көлдің ені -12 шақырым. Айналасында көптеген бұлақтар бар. Бұл бұлақтар жыл бойы қар жауатын үңгірлерден бастау алады. Аңызға айналған "Қыз әулие" бұлағы ерекше атаққа ие.
Тұздыкөл жағалауында ағып жатқан минералды бұлақтардың емдік қасиеттері ежелден бері белгілі. Индер тұзын зерттеу Ресей империясында басталды. Адам ағзасы қажет болған жағдайда тері арқылы жетіспейтін микроэлементтерді, иондар мен минералдарды сіңіре алады. Тұзды көлдің жағалауындағы балшық Тарихқа дейінгі дәуірде пайда болды. 1938 жылы жазылған "Индер бораты" кітабында Павел Татаринов оның пайда болу уақытын Юра кезеңіне жатқызады. Қара балшық минералдармен қатар адам денсаулығына өте пайдалы қарашірікке, ферменттерге өте бай. Оның құрамында өсімдіктердің, жәндіктердің және тіпті құстардың (биологиялық белсенді қарашірік) ыдырау өнімі ретінде пайда болатын гормоналды заттар бар. Мұндағы минералдар тек осы аймаққа ғана тән және әлемде басқа жерлерде кездеспейді.
Қазіргі таңда тұзды көлге сүңгу, балшық ванналарын қабылдау үшін мұнда тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, алыс шетелден де келеді. Алайда, тұзды көл суы мен жағалаудағы балшық қандай ауруларда пайдалы екенін және қандай жағдайларда қарсы көрсетілетінін бәрі бірдей біле бермейді.
Тұзды көлде ревматизм, остеохондроз, полиартрит, тері аурулары, невроздар, ұйқы безі аурулары, бедеулікпен ауыратын әйелдер шомыла алады. Көлде болу жоғары қан қысымы бар, инсульт, инфаркт, бүйрек және бауыр ауруларынан зардап шегетіндер үшін өте қауіпті. Көлге жиналмас бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес алу ұсынылады. Әсіресе, аурушаң, әлсіз адамдар үшін көлге түсіп, содан кейін артқа көтерілу өте қиын.
Тұздыкөлдегі ауа райы құбылмалы. Мұнда жиі қатты жел соғып, шаңды дауылдар көтеріледі.
Баса назар аудартатыны - мұндағы инфрақұрылымды толық көлемде дамыту қажет.
Балалар көп естіген көлді өз көздерімен көріп, бір қуанып қалды. Мұндағы тұзды қолға ұстап көріп, мектеп зартханасына да ала келді.
"Бұл - зерттеу жұмыстары үшін өте терең тақырып. Өңір табиғатын зерттеуге осы Тұздыкөлді зерттеу арқылы да атсалыссақ болады" - дейді оқушылар.