Атырау қаласындағы NIS-те адамгершілік, қамқоршылық, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында «Talento» балабақшасымен тығыз қарым-қатынас орнатылды.
 
Оқушылар аталған балабақшаның дайындық топтарына барып, 8-сынып оқушысы Аяулым Аманғосқызы мен 11-сынып оқушысы Айғаным Әбілсейтқызы ағылшын тілінде «Animals», «Fruits» тақырыбында, сондай-ақ, 8-сынып оқушылары Ұлжан Ахиқат пен Нұрай Тлеуқабыл қазақ тілінде «Жануарлар» тақырыбында қызықты ойын түрінде сабақ жүргізді.
 
Балалардың қолға алған «Еріктілік – жүректің ісі» бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасын таппақ.