Атыраудағы NIS-те білім ордасының 9 және 12-сынып оқушылары үшін халықаралық университеттердің жәрмеңкесі өтті.
Қашықтықта өткізілген университеттер таныстырылымында оқушылар әлемнің 30-дан астам үздік білім ордалары туралы мағлұматтар алды.
 
Жәрмеңкеге АҚШ, Канада, Еуропа және Азия елдерінің жоғары оқу орындары қосылды. Халықаралық мектептер Кеңесімен (CIS University Exploration Day) ынтымақтастық орнатқан университеттердің ашық есік күнінде болашақ мектеп түлектері мамандық таңдау, емтихан алды дайындық және білім гранттарын тағайындау жөнінде мол ақпарат алды.