Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-ге Назарбаев Университетінің Провосты Адесида Илесанми мен Назарбаев Университетінің Президент Офисі басшысы Арман Жұмажанов келді.
 
Алдымен қонақтар мектепке шағын экскурсия жасады. Тыныс-тіршілігімен танысып, биология және нанотехнология блоктарын аралап, қызықты химиялық тәжірибелерді де көрді.
 
Іле-шала 10-12 сынып оқушыларымен жүздесті. Оқушылар өз көкейлерінде жүрген сан сауалға мардымды жауап ала алғандарына дән разы болды.
Мектеп жанындағы жатақханаға да бас сұқты. Мұнда олар оқушылардың қызыққа толы жатақханадағы өмірі турасындағы түрлі ақпарға қанықты.
Сапар барысы Атыраудың тарихи мекені көне Сарайшыққа саяхатпен жалғасын тапты.