Атыраудағы NIS-те Film Festival жалғасуда. Бұл жолы «Ақ Жайық» шаңырағы «Қазақ хандығы: Алтын тақ» фильмін көруді ұсынады.
«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинодастанының жалғасы боп саналатын бұл фильмнің режиссеры – Рүстем Әбдірашев.
«Алтын тақ» – жас қазақ мемлекетінің тұс-тұстан талаған сыртқы жаулармен арпалысын баяндайды. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек өздеріне тиеслі «Ақ Орда» ұлысы мен астанасы Сығанақты, және сол шаһардағы алтын тақты қайтара алды. Фильмде шиеленіске толы шытырман оқиғалар, сұрапыл майдан сахналары мен ауыр сынақтар, ащы жеңіліс пен қуанышты жеңіс сәттері қатарласа көрініс тапқан.