Атыраудағы NIS-те 8 наурыз – халықаралық аналар, қыз-келіншектер мейрамына орай «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» атты концерт өткізілді. Оған мектеп оқушыларының аяулы әжелері, асыл аналары, мектеп ұстаздары арнайы қатысты.
 
Мерекелік кеш барысы әсем әнге, күмбірлі күйге, мың бұралған биге, көңілді тапқыштар клубының әдемі әзіліне толы болды. Әсіресе, мектеп оқушыларының қатысуымен олардың аналарына жасалған арнайы бейнежазба көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше әсерге бөледі. Көрермен аналар мектептің оқушылардан құралған хор ұжымы орындаған есті әндерді де ыстық ықыласпен қабылдап, қосыла шырқады.
 
Кеш соңында ақ жаулықты әже жиылған көпшілікке ақ батасын беріп, аналық тілегін жолдады.