Атыраудағы NIS-те 2022-2023 оқу жылының 2-тоқсаны қорытындысы бойынша жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау рәсімі сәтті өтті.

Анығында, пәндік олимпиадаға, жобаларға қатысып, жүлделі орындар иеленгендер, 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі «Елбасы медалі» бағдарламасына, «Bookcrossing 2022» дәстүрлі желілік акциясына белсенді қатысқандар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының оқушылары арасында шахматтан өткен желілік спартакиада жеңімпаздары мектеп директоры қолынан лайықты марапаттарын алды. Сондай-ақ, 2-тоқсан қорытындысы бойынша мектеп үздіктері болған оқушылар мен «Үздікке үміткер оқушылар» есімдері де көпшілікке таныстырылды.