Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Полина Вардашко Канада еліндегі әлемнің үздік 20 университетінің қатарына кіретін Торонто университетіне биотехнология мамандығы бойынша тегін оқуға шақыру хатын алды.

Белсенді оқушы ақпан айына дейін Германиядағы Jacobs Unieversity (биотехнология факультеті), АҚШ-тағы Drexel University (биология ғылымдары), Канададағы Carleton University (Биотехнология) және Канададағы University of Ottawa(Биохимия факультеті) сынды университеттерден шақырулар мен білім гранттарын алған болатын.
 
– Менің мақсатым бірнеше жылдан бері Торонто университетіне түсу болды. Қабылдау хатын алған кезде мен өз көзіме өзім сене алмадым. Болашақта биология мен технологияны біріктіре отырып, мен әлемнің әлемдік фармацевтикалық индустриясын дамытқым келеді, дәлірек айтқанда, университетте білім мен тәжірибе алғаннан кейін вакциналар жасағым келеді. Қазір мен тағы бірнеше университеттердің жауаптарын күтудемін, бірақ, әрине, менің қалауым Канада, –дейді Полина.