«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өткізілген кезекті шара тақырыбы осылай аталды. Кездесудің мақсаты денсаулығымыздың жан-жақты дамуының кепілі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын мектебіміздің медициналық қызметкерлерімен бірлесе отырып қарияларымызбен тұжырымдау, түсіне білу болатын.
  
Миссия өз мәресіне жетті. Қариялар мен оқушылар спикерлердің дәрісін, кеңестерін тыңдай отырып, өз сұрақтарына толыққанды жауаптарын ала алды. А,В,С дәрумендер топтарына бөлініп, бірлесе қызықты топтық жұмыс та жасады. Шара пайдалы әрі қызықты ақпаратқа толы болды.