Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де 1 маусым - балаларды қорғау күніне орай мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шаралар өткізілді

Мерекелік күн алдымен көңілді концертпен басталды. Мектеп өнерпаздары ән салып, би билеп, түрлі аспаптарда ойнап, көрермендерді өз өнерлерімен таңқалдырды. Шараға қонақ ретінде қатысқан кішкентай биші бүлдіршіндерге де көрермендер ықыласы шексіз болды.
Кейін оқушылар мектеп ауласына бақытты балалық шақ турасындағы бейнелерді салып, өз қиялынан шыққан суреттерімен бөлісті.
Спорттық шарадан да кенде емеспіз. Аталмыш мейрамға орай, мектеп оқушылары арасындағы баскетбол спартакиадасы басталды. Тартысты дода 3 күнге жалғаспақ.