«Қайрат» шаңырағының оқушылары өзін және үйін қалай қорғауға болатыны жөнінде әжелермен «Алаяқтан сақтаныңыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сабақ барысында оқушылар алаяқтықтың түрлері, құқық бұзушылық және олардың алдын алу шаралары туралы айтты. Қарияларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас, мінез-құлық ерекшеліктері, бейтаныс адамдармен телефонмен сөйлесу кезіндегі сақтық шаралары, қиын жағдайға тап болған адамның алғашқы әрекеттері түсіндіріліп, сақтануға байланысты жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ жоба қатысушыларына мектептің медиа-студиясының жұмысы таныстырылды. Олар оқушылардан фото және бейнетаспаға түсіру дағдылары мен цифрлық контент жасау жөнінде мағлұматтар алды. «Ұрпақтар сабақтастығының» қатысушылары NIS медиа-студиясында жеке фотосессияға қатысып, портреттік және топтық суреттер жасады. Цифрлық камерада жасалған сапалы суреттер жоба қатысушыларына ағымдағы оқу жылы аяғында тәмамдалатын «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының жабылу рәсімінде сыйға берілмек.