Атыраудағы NIS-те мектеп кітапханасында отбасылық оқудың беделін арттыру мақсатында «Самғау» ата-аналар оқырмандар клубының кездесуі өтті. Кездесуге қонақ ретінде «Алаш» Стратегиялық Зерттеу Орталығының басшысы Жанұзақ Өмірзақұлы мен Атыраудағы NIS-тің география пәні мұғалімі Айсанат Аралқызы шақырылды.

Айсанат Аралқызы «Елсана» рухани-патриоттық қауымдастығының жұмысын баяндап, ата-аналарды волонтёрлық қызметке шақырса, Жанұзақ Өмірзақұлы «Балалықтан даналыққа» кітабын таныстырды. Кітапта айтылған ойларды ортаға салып, пікірлерін тоғыстыра отырып, мәселенің ортақ шешімін табуды көздеген ата-аналар ортақ байламға келді.

Оқырмандар клубы мүшелерінің қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, 2023 жылға жұмыс жоспары жасалды.