Дәстүрлі «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де жұмысын бастады.

19 маусым күні мектеп жанындағы жатақханаға керемет көңіл-күймен келіп, орныққан балаларға алдымен аталмыш жобаның мән-маңызы сөз етілді. Сондай-ақ, сәйкесті түрде, түрлі сапарлар барысындағы қауіпсіздік қызметі, сапарлардың негізгі бағыты түсіндірілді.

«Достық шеңбері» атты танысу кешінен кейін балалар тынығып, бүгінгі сапарларына дайындалған боалтын. Ал, бүгін, яғни, 20 маусым күні аталмыш жобаның ашылу салтанаты өз деңгейінде өтті. Әрі қарай, жоба қатысушылары Атырау қаласындағы сан жылдық тарихы бар «Ембі мұнай-газ» кәсіпорынының заманауи мұражайына саяхат жасады.

Ал, түстен кейін олар "Ақжайық" резерватына бағыт алды. Бұл жерде оқушылар өлке табиғатының тылсым тұстарымен, ерекше қорғалатын жан-жануарлар мен өсімдіктермен етене танысты.

«Алдағы 5 күннен күтеріміз көп, бастысы, осы уақыт аралығында жиып-терген ғылыми-зерттеу қорымызды әрі қарай да кәдемізге жаратып, сәтті жобаларға айналдыруға асықпыз» - дейді оқушылар.